Елге танымал ұстаз Оқу ағарту министріне шұғыл үндеу жасады

22 қазан, 2025 / Admin
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Танымал педагог Азамат Сәмбетқұлов сынып жетекшілерінің жалақысына қатысты мәселе көтеріп, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға ашық үндеу жолдады.

Ұстаздың айтуынша, қазіргі уақытта сынып жетекшілерінің еңбекақысы олардың атқарып жүрген ауыр әрі жауапты жұмысына сай емес.

"Құрметті министр ханым! Сынып жетекшілеріне төленетін жалақыны елдегі ең төменгі жалақы мөлшеріне – шамамен 85 мың теңгеге теңестіріп, бұл қызметті жеке штат ретінде қарастыруды сұраймын. Себебі сынып жетекшілері айына 4-5 рет сынып сағатын өткізеді. Әр сағаттың құнын орта есеппен 5 мың теңге деп алсақ, ең кемі 20-25 мың теңге көлемінде ақы алуы керек", – дейді Азамат Сәмбетқұлов.

Сонымен қатар педагог құжат жүргізу жүйесін жеңілдету қажеттігін де атап өтті.

"Әр тексеру сайын түрлі құжаттар сұралады. Бұл мұғалімдердің уақытын алып, жүйкесін қажытады. Ал сынып жетекшісі өз сыныбындағы әр оқушының тағдырына, тәрбиесіне жауапты екенін ұмытпауымыз керек. Ол сол үшін жеке уақыты мен отбасына арналған уақытын да сарп етеді", – деп атап өтті ұстаз.

Тэгтер:

Жұлдыз Сүлейменова