Бокстан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі, Түркістан облысының өкілі Сәкен Бибосынов Семейде өткен ел чемпионатының финалында жарқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен шешуші жекпе-жекте Сәкен Бибосынов Қызылорда облысының боксшысы Нұрсұлтан Алтынбекпен кездесті.
Кездесудің алғашқы раундында тәжірибелі фаворит Сәкен күтпеген жерден 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Алайда екінші раундта ол шабыттанып, 5:0 есебімен басым түсті, ал соңғы үш минутта қарсыласын толықтай басып озып, айқын басымдықпен (5:0) жеңіске жетті.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов – 2021 жылғы әлем чемпионы, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.
Ал оның қарсыласы Нұрсұлтан Алтынбек бұған дейін U-22 жас санатындағы Азия чемпионатын екі рет жеңіп алған.