Түркістан облысында 15 жастағы қызға өзінің туыс атасы зорлық жасап, салдарынан қыз сәбилі болған.
Желіде тараған ақпаратта жасөспірімге қорлық көрсетті деген ер адам қыздың ағайын атасы екені айтылған. Жасөспірімнің зәбір көргенін ата-анасы қыздарының жүктілігінің жетінші айында бір-ақ білген.
Оқиға Түркістан облысының Келес ауданында болған. Туысынан қорлық көрді деген жасөспірім биыл ақпан айында босаныпты. Басынан өткенімен ата-анасына бөлісе алмаған. Жақындары жағдайды жүктілігінің жеті айында бір-ақ білдік дейді. Күдікті көрші үйде тұратын жетпіс жастан асқан туысы. Немере бағып отырған қария өз кінәсін толық мойындаған.