Белгілі актриса Әлия Әнуарбек жеке өміріне қатысты жаңалығын бөлісіп, екінші рет тұрмысқа шығатынын ресми түрде хабарлады.
Белгілі бір подкастқа берген сұхбатында актриса өміріндегі өзгерістер жайлы ашық айтты.
"Жеке өмірімде қарым-қатынас құрғаным рас. "Бақыт құшағында" фильмінде сырға салу мен құда түсу дәстүрлерін көрсеттік, дәл сондай сәт менің өмірімде де болды. Бұл менің жолымды ашып, бақытымды арттырды десем болады. Қазір мен қалыңдықпын. Арқа сүйейтін азаматты жолықтырдым, ұсыныс жасалды", – деді ол.
Айта кетейік, актрисаның алғашқы жұбайы 2020 жылы қатерлі ісік дертіне шалдығып, қайтыс болған еді.