Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойынан кейін көпшілікті елжіреткен ерекше әрекетімен көзге түсті. Ол ұлы мен келінін туған анасына – қарашаңыраққа алып барып, тойға келе алмаған анасының көңілін аулап қайтты.
«Бұл – Сәкен Майғазиев қой!»
Желіде тараған видеода Сәкен Майғазиев:
«Қалайсыз, анашым? Бұл Сәкен Майғазиев қой. MuzArt тобындағы», – деп анасына қалжыңдай амандасып жатыр.
Әнші жұбайымен бірге келінін және немерелерін көрсетіп, анасын ерекше қуанышқа бөледі. Отбасылық дәстүрге сай, үлкен кісінің батасын алып, ел алдында ізгілік пен инабаттылықтың үлгісін көрсетті.
«Тойды аман-есен өткіздік»
Майғазиев аналарына:
«Тойды аман-есен өткізіп алдық. Бәрі сізді сұрап жатыр, сізге сәлем айтты. 100 жастан ассын!» – деп ақ тілегін жеткізді.
Бұл көрініс көпшіліктің жүрегіне жылы тиді. Желідегі жұртшылық Сәкеннің анаға деген құрметін жоғары бағалап, жылы лебіздерін жаудырды.
Халық жылы қабылдады
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл сәтке ризашылықтарын былай білдірді:
«Анаңыз аман болсын! Шөбере, шөпшек сүйюге жазсын!»
«Түуф, мен қызығып кеттім ғой. Анасы бар – қандай бақытты жансыз!»
«Қарты бар үйдің – қазынасы бар»
«Қандай керемет көрініс. Осындай салт ұмытылмасын!»
«Сәкен, жарайсыз! Мың жасаңыз!»