Танымал қазақстандық блогер Мерей Жолшының отбасылық мәселесі жұрттың қызу талқысына түсті. Оның жары Гүлжайнаш Жолшы әлеуметтік желіде күйеуінің басқа әйелдермен жазысқан хаттарын жариялап, көпшілікке шындықты ашты.
«Сапарға кетті» деген – басқаға хат жазыпты
Жолдасының әрекетіне ренжіген Гүлжайнаш оны әшкерелейтін дәлелдерді ашық түрде бөлісті. Оның айтуынша, блогер Мерей «Шымкентке іссапарға кеттім» деп алдаған. Бірақ шын мәнінде бейтаныс қыздарға хат жазып, кездесуге шақырған.
“Сапарға кеттім деген күйеуімнің тірлігі. Әйелге қолдау білдіріп, хатты жіберген қызға рақмет. Үш баласының жетім қалуынан қорықпайды. Бірақ жарнамасынан қорқады. Одан кейін өзімді кінәлі қылады. Біліп қойғаным үшін кінәлімін”, – деп жазды ол.
“Жастық шақты еске алайық” деген сөз елдің ашуын туғызды
Гүлжайнаш Жолшы жариялаған скриншоттарда Мерей Жолшының бір қызға:
“Бүгін уақыт бөл. Өзің кеткің келмей қалады. Жүріп қайтайық. Жастық шақты еске алып”
деген мазмұндағы хабарламасы анық көрсетілген.