Гүлзира Айдарбекованың екінші келіні Айгерім Саркенова соңғы уақытта әлеуметтік желілерде тарап жүрген алып-қашпа әңгімелерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол өзіне және отбасына бағытталған сындарға сабырмен қарауға тырысатынын, алайда ар-намысына тиетін жалған айыптауларға бейжай қала алмайтынын айтты.
"Жиі кездесетін жағымсыз пікірлерге сабырмен қараймын, себебі олардың шындыққа еш қатысы жоқ екенін білемін. Бірақ мұндай сөздер менің немесе отбасымның абыройын қорлауға айналғанда, үнсіз қалу – менің табиғатыма жат", – деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол кейбір адамдардың отбасын "біреудің арқасында өмір сүріп жатыр" деп ойлауын жоққа шығарды.
"Біздің отбасымызда мастабты адам бар. Бұл біз үшін үлкен құрмет. Әрине, мұндай туыстық байланыстар кейде мүмкіндіктер ашады, бірақ есіктер тек алға ұмтылғандарға ғана ашылады. Барлығы адамның өз еңбегіне, ақылына және табандылығына байланысты. Әркімнің өз өмірі, өз қамы, өз мақсаты бар. Барлығы еңбек пен сенім арқылы құрылады. Біз үшін масылдық – жат ұғым. Адамдар тек сыртқы жағын көреді, ал кадр сыртында ең маңызды нәрселер қалады. Сондықтан ешкімнің еңбегін бағаламай, білмей тұрып үкім шығармаңыздар. Уақыт бәрін өз орнына қояды – шындық әрқашан жарыққа шығады", – деді ол.