Кеше, 19 қазанда Алматы қаласында өткен таулы марафон кезінде бір қатысушының жағдайы күрт нашарлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қайғылы оқиға туралы ақпарат жарыстың ресми Instagram парақшасында жарияланды.
Марқұм – 70 жастағы спортшы Владимир Кривенцов. Ол бұрынғы КСРО-ның теңіз көпсайысы мен шаңғы жарысы бойынша спорт шебері, сондай-ақ Қазақстан чемпионы және көп мәрте жүлдегері болған. Полиатлон, президенттік және қысқы көпсайыс сияқты спорт түрлерінде ел намысын қорғаған.
"Қайғылы жағдай старттан көп ұзамай болды. Бірнеше минуттың ішінде оқиға орнына жеткен ТЖД қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, зардап шеккен жанды "Медеу" спорт кешенінің құтқару бөліміне жеткізді. Өкінішке қарай, қолданылған шаралар нәтиже бермеді", – деді ұйымдастырушылар.