"Асығып кетті, өзі кінәлі": Ұлттық құраманың бас бапкері Нұрбек Оралбайға сын тақты (ВИДЕО)

Бүгін, 10:22 / Ахмет Қанатұлы
Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Нұрбек Оралбай

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Нұрбек Оралбайға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының ширек финалдық бәсекесінде Нұрбек Оралбай өзбекстандық Жавохир Умматалиевке қазылардың шешімімен есе жіберген еді.

"Нұрбек әлем чемпионатының ширек финалында өзбек боксшысына жеңілді. Нұрбек кішкене асығып кетті, кінә өзінен де бар. Сол жекпе-жекте Нұрбек басқаша бокстасу керек еді. Нөмірі бірінші болып, өзіміз ұмтылмай, керісінше өзбекті күтіп алып, асықпай бокстасу керек еді", – деп жауап берді Қайрат Сәтжанов.

Тэгтер:

Әлем чемпионаты Нұрбек Оралбай Қайрат Сәтжанов