Белгілі әнші Төреғали Төреәлі тағы да ел аузында. Бұл жолы ол тойға мас күйінде келгені үшін сынның астында қалды. Threads әлеуметтік желісінде Сымбат Мақұлова есімді қолданушы әкесінің 55 жас мерейтойына әншіні арнайы шақырғанын, алайда өнер иесінің әрекетінен қатты көңілі қалғанын жазды.
"Ішіп келіп, виски талап етті"
Сымбаттың айтуынша, той «халал» форматта ұйымдастырылғанымен, Төреғали тойға мас күйінде келіп, виски сұраған.
“Әкемнің 55 жасына Төреғали Төреәліні шақырдық. Өйткені әкемнің қатарластары Төреғалидың әндерін тыңдайды. Керемет көңіл-күй сыйлайды деп ойладық. Бірақ ол ішімдік ішіп келді. Тіпті жарты күн ерте келіп, ұйымдастырушылардан вискиге 32 мың төлеуді талап етті. 8 рет вискиге тапсырыс берген. Талабын орындамасақ, сахнаға шықпайтынын айтты. Бір кезде фонограммамен ән айтып, кетіп қалды”, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары екіге жарылды
Осы жазбаның астына мыңдаған пікір жиналып, халықтың пікірі екіге бөлінді. Бірі әншіні сынаса, екіншілері оны ақтап алуға тырысты.
“Тойға әнші шақырмай-ақ қойған дұрыс екен”
“Төреғали ішімдікті стрестен ішетін шығар”
“Қатты ұят болған екен”
“Төреғали жоғалып кетіп еді, қайтадан оралыпты”
“55 жастан асқандар Төреғали мен Қайратты ғана тыңдайды”
“Түркиядан емделіп келіп еді, қайта баяғы әдет”
деген пікірлер жазылды.