Семей қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының ширек финалдық кездесулері аяқталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ерлер арасында жартылай финалға ең көп боксшы Түркістан облысынан шықты – жалпы саны 6 спортшы. Екінші орында Жамбыл облысы – 5 боксшы. Ал Алматы, Шымкент және Қызылорда облыстарының әрқайсысы 4 спортшыдан жартылай финалға өткізді.
Сонымен қатар Ақмола мен Қарағанды облыстарынан – 3 боксшы, Абай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан – 2 спортшыдан өтті. Ал Астана, Павлодар, Алматы, Қостанай және Маңғыстау облыстарынан тек бір-бір боксшыдан жартылай финалға жолдама алды.
Әйелдер арасында көш басында Алматы қаласы – 7 спортшы. Екінші орында Шымкент – 6 боксшы. Үздік үштікті Жамбыл облысы түйіндеп тұр – 5 спортшы.
Қарағанды облысынан – 4 спортшы, Жетісу мен Қостанай облыстарынан – 3 спортшыдан жартылай финалға шықты. Ал Түркістан мен Ақмола облыстарынан – 2, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы және Павлодар облыстарынан – 1 спортшыдан жолдама алды.