"Ата-аналар мұғалімге түнгі үште хабарлама жазып, мазалайды" – Аймағамбетов

19 қазан, 2025 / Admin
Informburo.kz. Суретте: Асхат Аймағамбетов

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің оқушылармен және ата-аналармен мессенджерлер арқылы тәулік бойы байланыста болуына шектеу қоюды ұсынды.

Депутаттар ұстаздарды оқушылармен, ата-аналармен және мектеп әкімшілігімен мессенджер арқылы міндетті түрде хат алмасу талаптарынан босататын заң жобасын дайындап, Үкімет қарауына жолдаған.

Аймағамбетов мұндай шектеудің қажеттігін нақты мысалмен түсіндірді:

"Сағат түнгі үште де хабарлама жазып, бірдеңе талап етуі мүмкін. Бұл жағдай мұғалімнің мәртебесіне қалай әсер етеді? Чатта 25 бала отырады, олар кейде қателесіп, суреттер, анекдоттар, қалжыңдар, түрлі құттықтаулар жібереді. Мұның барлығы мұғалімнің жалпы әл-ауқатына, зейініне, назарына қалай әсер етеді? Ол да жұмысынан кейін демалуы керек қой. Оның да балалары бар, жеке өмірі бар. Ата-аналар чаттарында не болып жататынын бәріміз жақсы білеміз", – дейді депутат.

Сондай-ақ ол шетелдік тәжірибені мысалға келтіріп, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы байланыс ресми электронды пошта немесе арнайы білім беру платформалары (мысалы, Қазақстандағы Kundelik.kz) арқылы жүзеге асатынын атап өтті.

Тэгтер:

Асхат Аймағамбетов мұғалім депутат