Жамбыл облысының боксшысы, әлем және Азия ойындарының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл Семейде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әбілхан Аманқұл Алматы қаласының өкілі, халықаралық турнирлердің жеңімпазы Сержан Еркінмен жұдырықтасты.
Үш раунд бойы тартысты өткен кездесуде Әбілхан аздаған басымдық танытып, жеңісті өз пайдасына жазды.
Қорытынды есеп бойынша төрешілер шешімімен жамбылдық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің ширек финалына шықты.