Ресейде жүрген Нұралы Әліп биылғы маусымдағы алғашқы голын соқты (ВИДЕО)

Бүгін, 17:08 / Ахмет Қанатұлы
"Зенит" футбол клубының ресми сайты. Суретте: Нұралы Әліп

Қазір «Зенит» командасы сырт алаңда "Сочимен" кездесіп жатыр, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ойынның 12-минутында қазақстандық қорғаушы, ұлттық құраманың капитаны Нұралы Әліп есепті ашып, өз командасын алға шығарды

Қазіргі сәтте Санкт-Петербург клубы 1:0 есебімен алда келеді.

Биылғы маусымда Нұралы Әліп "Зенит" сапында 10 матчқа қатысып, жалпы 546 минут алаңда өнер көрсетті.

Тэгтер:

футбол Нұралы Әліп Зенит