"Қайрат" футбол клубында қақпашылар Шерхан Қалмырза мен Темірлан Анарбековке автокөлік сыйланғаннан кейін ұжым ішінде жаңа ереже қабылданды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Боранбаевтың айтуынша, енді клуб ойыншыларына кез келген сыйлық тек ресми келісіммен және клубтың рұқсатымен ғана табысталуы тиіс.
"Футболшылар клубпен келісімшартқа отырғандықтан, мұндай жағдайлар клубтың бақылауында болуы керек. Сол себепті енді кез келген сыйлық немесе марапат тек клубтың рұқсатымен жүзеге асады деген шешім қабылданды", – деді Қайрат Боранбаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін кәсіпкерлер "Қайрат" клубының қақпашылары Шерхан Қалмырза мен Темірлан Анарбековке автокөлік сыйлаған болатын. Бұл жағдай көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді.