"Біз ең мықтымыз": Өзбектер бокстан әлемдік держава екенін айтып, мақтанды

Бүгін, 11:35 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/lazizbekmullojonov. Суретте: Лазизбек Муллажонов

Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметі World Boxing ұйымы биыл өткізген турнирлер қорытындысын жариялап, ел құрамасының әлемдегі үздік екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Біздің құрамамыз – әлемдегі ең мықты! 2025 жылы World Boxing ұйымы төрт ірі турнир өткізді. Сол додаларда Өзбекстан құрамасы ерлер арасында жалпы есепте көш бастап, 17 алтын медаль иеленді. Бізден кейін Қазақстан құрамасы 11 алтынмен екінші орында тұр. Үздік бестікті Бразилия, Польша және Үндістан спортшылары түйіндейді", – делінген федерацияның Telegram арнасынд.

Айта кетейік, биыл Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы 6 алтын медаль жеңіп алса да, жалпыкомандалық есепте Қазақстаннан кейінгі орынға жайғасқан. Қазақ боксшылары сол жарыста 7 алтын медаль еншілеп, командалық есепте бірінші орын алған болатын.

Тэгтер:

Бокс Өзбекстан World Boxing