"Екінші Челах": Мерзімді қызметтегі сарбаз басқа әскерилерге оқ атып, шу шығарды

17 қазан, 2025 / Admin
rbkomar/Getty Images

Мәскеу облысында әскери бөлімнің бірінде келісімшарт негізіндегі сарбаз өз әріптестеріне оқ атқан. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Алғашқы деректерге сәйкес, екі адам көз жұмып, тағы біреуі ауыр жарақат алған және ауруханаға жеткізілген. Кей ақпарат көздері жараланғандар саны бесеуге дейін жеткенін хабарлады.

Оқиға Наро-Фоминск ауданындағы әскери бөлімдердің бірінде болған. Белгілі болғандай, жараланғандардың бірі анасымен байланысып, бөлімде атыс болып жатқанын хабарлаған. Әйел дереу полиция мен дәрігерлерді шақырған.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша ресми түсініктеме берілмеді.