Геннадий Головкин UFC аңызы Хабиб Нурмагомедовпен кездесті (ФОТО)

17 қазан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/gmg_max

Кәсіби бокстан бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен кездесті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Кездесу Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен. Геннадийдің ағасы Максим Головкин Instagram парақшасында Геннадий Головкин, Хабиб Нурмагомедов және Eagle FC промоушенының басшысы Шамиль Завуров түскен суретті жариялады. Жазба бірнеше сағат ішінде үш мыңға жуық лүпіл жинап, көптеген жағымды пікірге ие болды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Геннадий Головкин – Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті әрі әлемдік әуесқой боксты үйлестіретін World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болып қызмет атқарады.

Тэгтер:

Хабиб Нурмагомедов Геннадий Головкин