фото: INA FASSBENDER/AFP via Getty Images. Суретте: "Реал Мадрид" футбол клубының ойыншылары
Атақты "Реал Мадрид" футбол клубының ресми серіктесі саналатын BMW компаниясы команда ойыншылары мен бапкерлеріне кезекті жаңа көліктерін табыстады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ынтымақтастық келісіміне сәйкес, неміс автоөндірушісі жыл сайын "Реал" ойыншыларына жаңа модельдегі көліктерді сыйға береді. Биыл футболшылар мен жаттықтырушыларға гибридті электр көліктері табыс етілді.
Ең танымал модель – BMW i7, бағасы шамамен 135 мың еуро тұратын бұл көлік Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Арда Гүлер, Эдер Милитао, Дани Карвахаль, Антонио Рюдигер, Альваро Каррерас, Эндрик және Рауль Асенсио сияқты ойыншыларға берілді. Бас бапкер Хаби Алонсо да дәл осы үлгідегі автокөлікті иеленді.
Ал Тибо Куртуа, Джуд Беллингем, Родриго, Дин Хёйсен, Браим Диас және Ферлан Менди BMW XM моделін таңдаған. Бұл көліктің бағасы 200 мың еуроға дейін жетеді.
Құны шамамен 100 мың еуро болатын басқа модельдер де сұранысқа ие болды. Мысалы, Франко Мастантуано – BMW i4 (шамамен 50 мың еуро), Трент Александр-Арнольд пен Эдуардо Камавинга – BMW iX (шамамен 80 мың еуро), ал Гансало Гарсия – BMW i5 (шамамен 70 мың еуро) көлігін таңдаған.
Қақпашы Андрей Лунин BMW M5 үлгісін мінетін болды. Бұл автокөліктің бағасы 160 мың еуродан жоғары.