Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Майғазиева мен келіні әлеуметтік желі қолданушыларының талқысына түсті.
Олар жақында үйлерінде құдалық өткізіп, қонақ күткен сәттерінен бейнежазба бөліскен. Сол видеоға желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.
Көпшілік жас келіннің жүдеп кеткенін айтып, денсаулығына алаңдаушылық білдірді.
«Келіні қатты арықтап кетіпті», «Күн сайын қонақ күткен соң шаршаған шығар», «Бәлкім, токсикоз болып жүрген болар», «Сәкеннің жары күлгенімен, жүзінен шаршаңқылық байқалады», – деген сынды пікірлер жазылған.