Олимпиаданың қола жүлдегері ел чемпионатында оңбай жеңілді (ВИДЕО)

15 қазан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Дариға Шәкімова

Қазақтың танымал боксшы қызы Дариға Шәкімова Семейде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Астана қаласының намысын қорғап жүрген Дариға Шәкімова 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жамбыл облысының өкілі Назерке Серікпен қолғап түйістірді. Күтпеген нәтиже тіркеліп, тәжірибелі спортшы қарсыласынан 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

36 жастағы Дариға Шәкімова – 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері, сондай-ақ Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы (2010, 2015).

Айта кетейік, биылғы Қазақстан чемпионаты алғаш рет World Boxing ұйымының жаңа ережелері мен салмақ категориялары бойынша өтіп жатыр. Жарыс 21 қазанға дейін жалғасады.

Тэгтер:

Бокс Қазақстан чемпионаты Дариға Шәкімова