Қазақ боксшысы Асланбек Шымбергенов биылғы Қазақстан чемпионатына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Өкінішке қарай, түрлі себепке байланысты әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов турнирге қатыспайды", – деп жазды журналист Аян Төлеген өзінің Telegram арнасында.
Кеше, 14 қазанда Семейде өтетін 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының жеребесі тартылды. Бұл жарыстың нәтижелері бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құраманың жаңа құрамы жасақталады. Турнирге тек Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатының жүлдегерлері ғана қатыспайды.
Айта кетейік, Шымбергенов бұған дейін чемпионатқа қатысып, ұлттық құрама сапына қайта оралғысы келетінін мәлімдеген болатын.