"Масқара, 5 жылда 4 бала туды": "Қалаулымның" жұлдызы шындығын айтты (ФОТО)

14 қазан, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

"Қалаулым" қатысушысы Альмира Асхатқызы әлеуметтік желіде жазбасын жариялады.

"Отбасы құрғанымызға міне 5 жыл 2 ай өтіпті. "Алланың берері таусылмасын" деген сөзде біраз мағына жатыр. Расында, кейбірі күледі мазақ етіп: "5жылда 4 бала масқара" деп. Олар күліп, жолдың етегінде қалып жатқандарынан хабарлары жоқ. Ал мен мақтаныш көремін бұл бақытты. Мейлі кім не десе де, ештеңеге қарамай өмір сүрудеміз және тек алға дейміз! Алла сана берсін сондай сынағыш ,алдына қарамай асылық сөйлейтін жандарға. Менің қатты жылап алған сәтім ол – Алла бізге 2 қыз, 2 ұл бергенін сезінгенде. Сондай өзімді өмірдегі ең бақытты жандай алып ұштым. Ол сезім әлі де ішімде ойнап тұр. Осындай бақыт берген Аллаға шүкірлігімді жатсам да, тұрсам да, айтамын. Тек өмірлері мен дені сау ұрпақ ете көрсінші! Бұйырса бізден өсетін ұл-қыз елінің туын көкке көтеретін мықты, беделді азамат пен азаматша болады деп қатты сенемін және сол жолда барымызды саламыз", – деп жазды.

Тэгтер:

Альмира Асхатқызы