Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай туралы сұмдық хабар тарады

14 қазан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Нұрбек Оралбай

4 қазанда Семей қаласында бокстан Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ерлер мен әйелдер ұлттық құрамасының бапкерлері ортақ шешім қабылдап, Ливерпульде өткен тарихи әлем чемпионатында жүлде алған спортшыларды бұл турнирге қатысудан босатты. Олардың қатарында:

Ал қалғандары, оның ішінде қыркүйекте өткен әлем чемпионатына қатысқан боксшылар да Семейдегі жарыста міндетті түрде шаршы алаңға шығуға тиіс болатын. Солардың арасында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай да бар еді.

Алайда бұл жыл Нұрбек үшін аса сәтті болған жоқ. Ол "Странджа кубогында" финалға дейін жетіп, шешуші жекпе-жекте жеңіліп қалды. Сондай-ақ Астанада өткен әлем кубогының кезеңінде тағы да финалда ұтылды. Ал Ливерпульдегі әлем чемпионатының ширек финалында өзбек боксшысы Жавохир Умматалиевтен ойсырай жеңілді.

Sportarena.kz мәліметінше, Нұрбек Оралбай Семейде өтетін чемпионатқа жарақатына байланысты қатыспайды. Қазір 80 келі салмақ дәрежесінде айқын көшбасшының жоқ екенін ескерсек, оның жоқтығы жаңа чемпионның жарқырап шығуына мүмкіндік беруі мүмкін.

Тэгтер:

Бокс Нұрбек Оралбай ел чемпионаты