Жәнібек Әлімханұлы тарихи жекпе-жегі алдында батыл үндеу жасады

13 қазан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Steve Marcus/Getty Images. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы абсолютті чемпион атағын алуға деген мақсатын ашық мәлімдеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Нағыз чемпион барлық төрт белбеуді біріктіруге ұмтылуы керек! Егер сенде бір немесе екі ғана белбеу болса, демек, өзге чемпиондар да бар деген сөз. Нағыз чемпион ешкімге өз титулдарын қалдырмауы тиіс – әр чемпион дәл осылай ойлауы керек!" – деді Жәнібек Әлімханұлы.

Еске салайық, шетелдік инсайдерлердің мәліметінше, 6 желтоқсанда "Қазақ стилі" лақапатымен танылған Жәнібек Әлімханұлы WBA белбеуінің иегері, кубалық Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жегін өткізеді.

Тэгтер:

Бокс Жәнібек Әлімханұлы