Әжесі мен ағасы да көз жұмды: Жас футболшы өмірден озды (ФОТО)

13 қазан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Ақтөбе футбол клубы жас спортшының қазасына байланысты қаралы хабар таратты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Клубтың ресми ақпаратына сәйкес, 15 жастағы қорғаушы Арон Мұса "Ақтөбе U-16" командасының ойыншысы болған.

"Кеше, QJ league турнирінде ойнайтын "Ақтөбе U-16" командасының ойыншысы, 15 жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы болды. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", – деп жазылған клуб хабарламасында.

Тэгтер:

Ақтөбе Арон Мұса