Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады.
Әйелдерге күйеуінің бір жылы сөз ғой керегі. Өкінішке орай соны көп еркектер түсінбейді. Алып-ұшып бір ғана жылы сөз күтеді – ол демеудің орнына төпелеп тастайды ғой. Сол сәтте-ақ жүрек сөнеді, рух әлсірейді. Өйткені әйелдің ең нәзік тұсы – оның күйеуінің көзқарасы. Бізде жанымда командада жүрген байқасаңыздар көбі Әйелдер! Бәрінің ойы тиынды тиынға құрап күйеуімнің бір жағына шықсам екен. Бала-шағамның болашағы жарқын болса екен. Тіпті Демалыста ауқаттанып жүрген тәтті мәзірлеріне дейін,күйеуімде көрсе ғой деген тілек. Сол себепті әйелдің еркін самғауы үшін оның жанында жанашыр еркек болуы керек. "Сен мықтысың, мен сенің артыңдамын. Өзімнің де шаруам көп, бірақ сенің арманың орындалсын деп қолдау көрсетемін" деген бір сөз – әйелге қанат бітіретін ең үлкен дем. Мұндайда әйелдің алға баспауына себеп жоқ. Ал осындай демеуі бар, бірақ бәрібір алға қадам жасай алмай жүрген әйел болса – мұны тағдырдан іздемесін. Бұл – өз қорқынышының тұтқыны, өзін аяудың белгісі. Шынайы ниет пен ерік болса, әйелдің алар асуы шексіз. Ер Азамат! Әйеліңізді төпелемеңіз. Өзіңізбен бірге дамытыңыз. Ол бұл кәсіпті айтты ма? Оны сіз жүргізіңіз. Оған сілтемеңіз. Бірге дамыңыз", – деп жазды Сара Тоқтамысова.