Голливудтың дара тұлғаларының бірі, әйгілі америкалық актриса әрі "Оскар" сыйлығының иегері Дайан Китон 79 жасында өмірден өтті.
Дайан Китон – ХХ ғасыр кинематографиясының ең жарқын жұлдыздарының бірі. Ол Фрэнсис Форд Коппола түсірген аңызға айналған “Крестный отец” трилогиясында басты кейіпкердің жұбайы Кей Адамс рөлін сомдап, әлемге кеңінен танылды.
Сондай-ақ актриса режиссер Вуди Алленнің көптеген фильмінде ойнап, көрермендерді табиғилығымен, ерекше харизмасымен және шынайы актерлік шеберлігімен тәнті етті.
Оның шығармашылық жолындағы ең үлкен жетістігі – Вуди Алленнің "Энни Холл" фильмі болды. Бұл рөл Дайан Китонға бірден үш беделді марапат – "Оскар", BAFTA және "Алтын глобус" сыйлықтарын "Ең үздік әйел рөлі" аталымында алып келді.
Дайан Китон Голливуд тарихында әйел образын жаңа қырынан көрсетіп, заманауи, еркін және интеллектуалды әйел бейнесін қалыптастырған тұлға ретінде есте қалды.