Футболдан Қазақстан құрамасының және "Қайрат" клубының 21 жастағы қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақатынан кейін қайтадан негізгі құраммен бірге жаттығуға кірісті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Еске салайық, Темірлан Анарбеков Премьер-лиганың 23-туры аясындағы "Қайрат" – "Ақтөбе" кездесуінде жарақат алған еді. Ол матчта алматылықтар 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Жарақат бір сәттік эпизодта, айып соққысын орындау кезінде болған: қақпашы қарсылас команда қорғаушысымен соқтығысып, жақ сүйегін зақымдап алған. Бұл жарақатқа медициналық көмек қажет болып, спортшы біраз уақыт жаттығу үдерісінен шет қалған еді.