Қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан өзіне сыйға берілген қымбат көлікті көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ұлттық құраманың жетекші мүшелерінің бірі Instagram парақшасында су жаңа көлігінің суретін жариялаған. Суреттен немістің BMW 5 сериялы автокөлігін көруге болады. Көліктің бұл үгісі 2023 жылдан бастап шығарыла бастаған және бизнес-класс санатындағы ең жаңа нұсқалардың бірі саналады.
2025 жылғы xDrive модификациясындағы мұндай көліктің орташа бағасы Қазақстанда шамамен 55 миллион теңге тұрады. Сондай-ақ суреттен көліктің ерекше мемлекеттік нөмірі – 001 SBR екенін байқауға болады.
Айта кетейік, атақты боксшы Махмұд Сабырхан бұған дейін Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, екі дүркін әлем чемпионы атанған болатын.