Дастан Сәтпаев тұңғыш рет қазақ тілінде шұғыл мәлімдеме жасады (ФОТО)

Бүгін, 11:19 / Ахмет Қанатұлы
Данияр Ахметов / "Қайрат" ФК. Суретте: Дастан Сәтпаев

"Қайрат" футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың ұлттық құраманың алдағы ойындарына қатыспайтыны туралы ақпарат тарағаннан кейін ол әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Футболшы Instagram парақшасында жарақат алғанын растады.

"Соңғы ойында жарақат алдым. Медициналық штаб ұлттық құраманың матчтарына қатысуымды шектеді. Қазір жаттығу жасап, тезірек сауығып кетуге бар күшімді салып жатырмын. Барлық жанкүйерге қолдауы үшін үлкен рақмет", – деп жазды Дастан Сәтпаев.

Тэгтер:

Қайрат Дастан Сәтпаев ұлттық құрама