Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша бірінші сатыдағы сот Д. Жақсыгелді, Э. Нұрбекова, А. Казакенов және Ю. Рузбакиевтің әрекеттеріне назар аудару туралы жеке қаулы шығарған болатын.
Бұл қаулы кейін апелляциялық сотта да өзгеріссіз қалдырылып, үкім заңды күшіне енді.
Алматы облысының прокуратурасы соттың осы шешіміне байланысты қандай шаралар қабылданғанын түсіндірді.
"Д.Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенов және Ю.Рузбакиевтің әрекеттеріне қатысты сот шығарған жеке қаулы бойынша, облыс прокуратурасы оны ақпараттарды есепке алу кітабына тіркеп, процестік шешім қабылдау үшін құжаттар Алматы облысының полиция департаментіне жолданды", – делінген облыс прокурорының орынбасары Абылайхан Оңдасынның ресми жауабында.