Футболдан Қазақстан құрамасы бүгін, 10 қазанда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Лихтенштейн құрамасын қабылдайды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Аталмыш матчты Qazsport арнасынан сағат 19:00-де тікелей эфирде көре аласыздар.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 5 ойында 3 ұпай бар. Команда жалғыз жеңісін дәл осы Лихтенштейнге қарсы матчта (2:0 есебімен, 26 наурызда Вадуц қаласында) тіркеген болатын.
Ал Лихтенштейн құрамасы бес ойыннан кейін де ұпай жинай алмай келеді.
J тобында Қазақстан мен Лихтенштейннен бөлек Солтүстік Македония, Бельгия және Уэльс құрамалары өнер көрсетіп, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама үшін күрес жүргізіп жатыр.