"Ұзақ істеп жатсың, басқалар да істесін" – Мырзағали Айтжанов туралы бір ауыз сөз

"Ұзақ істеп жатсың, басқалар да істесін" – Мырзағали Айтжанов туралы бір ауыз сөз

фото: olympic.kz. Суретте: Мырзағали Айтжанов

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетуге мәжбүр болғанын ашық айтты. Ол 2021 жылы өткен Токио Олимпиадасынан қазақ боксшыларының алтынсыз қайтқанына қатысты пікір білдіріп, өз ойын ортаға салған. Бұл сынға қарамастан танымал бапкер ұлттық құраманы 2024 жылғы Олимпиадаға да бастап барған. Алайда бұл додада да ұлттық құрама алтынсыз қайтты.

Осыдан кейін Мырзағали Айтжанов ұлттық құрамадағы бас бапкерлік қызметінен кеткен еді. Осы орайда Sportinside.kz тілшісі Мырзағали Айтжановтың осы бір сын-пікірлерге қалай төтеп бергенін, халықтың сөзі оның жұмысына қалай әсер еткенін жеткізетін пікірін беруді жөн көрді.

"Жасыратын ештеңесі жоқ, оны өзімізбен алып кетпейміз. Жазуға мәжбүрлеген адамдар болды. Мәжбүрлеп, мені қинаған жоқ. Мен жұмысымды бастағаннан бастап, қарсы болған адамдар болды. Оларға "барып кел, шауып келдер" керек болған шығар?! Бірақ мен жұмысымды дұрыс, жақсы бағытта бастадым деп ойлаймын. Қасымда мықты мамандар болды. Өзімнен үлкен, тәжірибесі бар. 2009 жылы Қазақстанның әлемдік рейтингте 17-22 орында тұрғанын білемін. Ал 2010 жылдан бастап ел боксы өркендей бастады. 2010 жылы Азия біріншілігінде 5 медаль жеңіп алдық: 2 алтын, 2 күміс, 1 қола. Мақтанғаным емес, бокстың атасы ағылшындар болып саналады. Англия, Куба, Ресей, Украина, Өзбекстан, басқа да шетелдіктер бәрі бізбен санасатын болды.
Кейбір кісілер "ұзақ істеп жатсың, басқалар да істесін" дегендей болды. Мен "онда алып тастаңыздар" деймін. "Ала алмаймыз" деді. "Неге?" десем, "Не үшін аларымызды білмейміз", – дейді. Тек қана жаңағыдай қайта-қайта айта бергеннен кейін, 9 жыл шыдау мүмкін емес. Олармен ит сияқты ырылдасып жүргенше, орын керек болса деп 2018 жылдың желтоқсанында үйден жазып, жібердім. Олар аң-таң болған шығар. Мен де миымды тынықтырайын дедім.
Мен бұған құмар емеспін. Көп адамға менің жұмысым ұнамауы мүмкін. Мен бірінші кезекте тәртіпті өзімнен бастаймын. Бізде қылтың-сылтың деген жоқ. Әскери тәртіп. Сол себептен де менің келуім көп адамға керек емес шығар?", – деді Мырзағали Айтжанов.