Футболдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Шымкент қаласында өткен оқу-жаттығу жиыны аясында "Тараз" клубымен жолдастық кездесу өткізіп, 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл Шымкенттегі жиындар аясындағы алғашқы жолдастық ойын болды. Келесі матч 10 қазан күні "Оңтүстік академиясына" қарсы өтсе, соңғы кездесу 12 қазанда жергілікті "Ордабасы" командасына қарсы жоспарланған.
Айта кетейік, жақында алматылық "Қайрат" клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза Қазақстанның 19 жасқа дейінгі ұлттық құрамасына шақырту алған болатын.
18 жастағы қақпашы бұған дейін бұл жас санатындағы ресми матчтарға қатыспағанымен, 2023 жылдың қазан айында 17 жасқа дейінгі құраманың сапында алғаш рет алаңға шыққан еді.