"Үш раундта ұйықтатамын": Головкинге әлем чемпионы сес көрсетіп тастады

Бүгін, 11:21 / Ахмет Қанатұлы
Philip Fong/AFP/Getty Images. Суретте: Геннадий Головкин

Bare Knuckle FC (BKFC) ұйымының чемпионы, британ спортшысы Коннор Тирни қазақстандық бұрынғы кәсіпқой бокс чемпионы Геннадий Головкинге (GGG) қарсы шығуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Тирнидің айтуынша, оның жалаң жұдырықтағы тәжірибесі классикалық бокста артықшылық береді.

"Қолғаппен жұдырықтасатын чемпиондарды көрген соң, мен дәл сол GGG-мен айқасқым келді. Көргенім бойынша, оны үш раундта ұйықтатамын деп ойлаймын", – деп жазды Коннор өзінің Instagram Stories-інде.

Маманның бұл мәлімдемесі жақында өткен BKFC 81 турнирінен кейін айтылған. Аталған бәсекеде бұрынғы кәсіпқой бокс чемпионы Джеймс Дигейл аустралиялық Мэтти Флойдты төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.

Айта кетейік, Геннадий Головкин соңғы рет 2022 жылы рингке шығып, Сауль "Канело" Альвареспен өткен трилогияның соңғы жекпе-жегінде жеңіліс тапқан еді. Содан бері ол ресми түрде мансабын аяқтамағанымен, жекпе-жек өткізген жоқ.

Тэгтер:

Бокс Геннадий Головкин