Сұмдық жағдай! Аңыз боксшының 17 жастағы ұлын пәтерде асып кеткен

Бүгін, 08:29 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Атақты боксшы Артуро Гаттидің 17 жастағы ұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жасөспірім Мексикада көз жұмды. Бұл оқиға оның әкесінің 2009 жылғы қайғылы өліміне ұқсас жағдайда болған. Марқұмның денесі Мехико қаласындағы пәтерден асылып тұрған күйінде табылған. Қазір өлімнің нақты себебі анықталуда, алайда жағдайдың сипаты әкесінің өлімін еске салады.

Артуро Гаттидің ұлының да әкесінің жолын қуып, алты жасынан бокспен айналысқан. Ол Монреальда жаттыққан және 2025 жылдың маусым айында Мехикода өтетін Хуан Эстрада жекпе-жегінің андеркардында кәсіби дебютін жасауы тиіс еді. Алайда кейін оның есімі қатысушылар тізімінен түсіп қалған.

Айта кетейік, оның әкесі Артуро Гатти – италиялық тектен шыққан канадалық боксшы, үш дүркін әлем чемпионы болған. 2009 жылы Бразилиядағы Порту-де-Галиньяш қаласында 37 жасында жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Сол кезде де оның денесі асулы күйінде табылған, ал кейін тергеу оның тұншықтырылғанын анықтаған еді.

Тэгтер:

Бокс Артуро Гатти