Ирландиялық ММА жұлдызы Конор Макгрегор допинг ережелерін бұзғаны үшін 18 айға дисквалификацияланды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
UFC-дің хабарлауынша, Конор Макгрегор 2024 жылы 12 айдың ішінде үш рет допинг сынамасын тапсырмаған, бұл ұйымның антидопинг бағдарламасын бұзу болып саналады.
UFC спортшылары өздерінің нақты тұрған жері мен байланыс деректерін үнемі жаңартып отыруға міндетті, себебі допинг инспекторлары алдын ала ескертусіз тексеріс жүргізе алады.
Әрбір өткізілген сынама жеке тәртіпбұзушылық ретінде тіркелген. Мәлімдемеде Макгрегор сол кезеңде жарақаттан айығып жүргені және жекпе-жекке дайындық жүргізбегені айтылған.
"Макгрегор тергеу кезінде толықтай ынтымақтастық танытты, жауапкершілікті өз мойнына алып, барлық қажетті ақпаратты ұсынды", — делінген UFC хабарламасында.
Осылайша, Конор Макгрегор 2026 жылдың көктеміне дейін октагонға қайта орала алмайды.