Сүйінші, ағайын! Головкинге қатысты ел асыға күткен хабар тарады

Бүгін, 10:08 / Ахмет Қанатұлы
Erik Verduzco / Las Vegas Review-Journal. Суретте: Геннадий Головкин

АҚШ-тың танымал спорт шолушысы Дэн Рафаэль орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жақын уақытта Бокстың халықаралық даңқ залына (IBHOF) енгізілетініне сенімді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жақында GGG-дің ресми түрде осы мәртебеге кандидат ретінде ұсынылғаны белгілі болды. Дауыс беру рәсімінің ақтық кезеңі желтоқсан айында өтеді.

Дегенмен, америкалық боксшы Райан Гарсия соңғы сұхбатында Головкиннің Даңқ залы деңгейіне лайық емес екенін айтып, оның мансабында "ірі жеңістердің" болмағанына пікір білдірген еді.

Бұған жауап ретінде Дэн Рафаэль әлеуметтік желіде:

"GGG еш қиындықсыз таңдалып алынады. Ал Райан ол залға тек билет сатып алып кіре алады", — деп жазды.

Сонымен қатар журналист Головкиннің спорт тарихындағы орнын жоғары бағалап, былай деді:

"GGG – барлық уақыттағы ең үздік орта салмақты 10 боксшының бірі".

Тэгтер:

Бокс Геннадий Головкин