Қуат Хамитов ММА-мен қош айтыса ма? Спортшы тосын мәлімдеме жасады (ФОТО)

Қуат Хамитов ММА-мен қош айтыса ма? Спортшы тосын мәлімдеме жасады (ФОТО)

фото: instagram.com/kuat__khamitov. Суретте: Қуат Хамитов

ММА жауынгері Қуат Хамитов өз өміріндегі жаңа бастама туралы хабарлап, алғашқы фильмін түсіруді жоспарлап жатқанын айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Иә, бұл рас. Келер жылдың көктемінде мен өзімнің алғашқы фильмімді түсірмекпін. Сценарийді өзім жаздым, актерлерді де жеке таңдап жатырмын. Жобаның қаржылық жағын толық өз мойныма аламын. Бұл мен үшін жай ғана дебют емес – қазақ киноиндустриясына жаңа леп әкелгім келеді. Қыздар, егер мен сіздерге жазсам – демек, сіздерді фильмге рөлге қарастырып жатырмын", – деп жазды спортшы Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Қуат Хамитов бұған дейін бірнеше медиа-жобаларға қонақ ретінде қатысқанымен, продюсер ретінде фильм түсіру ісіне алғаш рет кірісіп отыр.