Әзірбайжанда өтіп жатқан ТМД елдерінің ойындарында Өзбекстан құрамасы алтын медаль саны жағынан Қазақстаннан алға шықты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
7 қазан күнгі жағдай бойынша жалпыкомандалық есепте Ресей көш бастап тұр – олардың еншісінде 116 алтын, 58 күміс және 38 қола медаль бар.
Екінші орында – Беларусь (32 алтын, 31 күміс, 51 қола), ал үздік үштікті Әзірбайжан түйіндеп тұр – 30 алтын, 48 күміс, 89 қола медаль.
Өзбекстан құрамасы төртінші орында: спортшылар 22 алтын, 32 күміс және 55 қола жүлде иеленген. Қазақстан құрамасы әзірге бесінші орында, ел қоржынында 9 алтын, 24 күміс және 45 қола медаль бар.