Илья Ильиннің ізбасары әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті

Илья Ильиннің ізбасары әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті

фото: olympic.kz. Суретте: Едіге Емберді

Норвегияның Фёрде қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақ спортшылар бақ сынады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Дүйсенбі күні ерлер арасында 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды. Қазақ спортшылары арасынан ең жоғары нәтиже көрсеткен – Едіге Емберді. Ол биыл шілде айында жастар арасында өткен Азия чемпионатында рекорд орнатып, жеңімпаз атанған еді. Сондай-ақ, өткен жылы әлем чемпионы атағын иеленген болатын.

Бұл жолы Едіге әлем чемпионатында алтыншы орын иеленді. Оның көрсеткіші –351 келі (жұлқып көтеруде 155 кг + серпіп көтеруде 196 кг). Тағы бір қазақстандық спортшы Петр Хребтов 13-орынға тұрақтады (330 кг: 147+183).

Жарыстың жеңімпазы Индонезия өкілі Ризки Джуниансах атанды. Ол серпе көтеруде 204 келіні бағындырып, жаңа әлемдік рекорд орнатты, ал жалпы есепте –361 келі (157+204) нәтижесімен көш бастады. Күміс жүлдені Солтүстік Корея спортшысы Ри Чон Сон (360 кг: 163+197), қола медальді Египет өкілі Мохамед Юнес (360 кг: 162+198) иеленді.

Айта кетейік, сейсенбі күні Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі – Әлібек Рахымберді (88 кг дейінгі салмақ дәрежесі) жарыс жолына шығады. Ал 10 қазанда Сұлтан Мейрам (110 кг дейінгі салмақ) өз мүмкіндігін сынайды.