Белгілі әнші Тамара Асардың жұбайы Бекмырза Жұмаштың бірінші некесінен туған ұлы Әлішердің өліміне қатысты жаңа мәлімет жарияланды.
Продюсер Жан Мұқанов әлеуметтік желіде қайғылы оқиға туралы айтып, марқұмды еске алды.
"8 қараша күні Қостанайда Жұмаштың ұлы Әлішердің қырық күні өтеді. Бәрі білсін — қаны бір болуы маңызды емес, ең бастысы – жүрек байланысы. Әлішер Тамара Асардың туған ұлы болмаса да, осы жылдар ішінде туған баласындай болып кетті. Ол да Қамбар сияқты олардың ұлы және Жұмаш пен кішкентай қыздары Ажардың ағасы еді", – деп жазды продюсер.
Сонымен қатар Жан Мұқанов жас жігіттің өліміне көлік апаты себеп болғанын нақтылады. Оның айтуынша, Әлішер Ақтөбе қаласына досының үйлену тойына барған кезде жол апатына ұшырап, қайтыс болған.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысы Наурызым ауданының әкімі Мәди Өмірзақұлы Ихтиляпов Әлішердің мезгілсіз қазасына байланысты көңіл айтып, отбасының қайғысына ортақтасқан еді.