Күтпеген жаңалық! Геннадий Головкинге қатысты сұмдық хабар тарады

7 қазан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Геннадий Головкин

АҚШ-тың әйгілі боксшысы Райан Гарсия қазақстандық экс-чемпион Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс даңқ залына (IBHOF) кандидат ретінде ұсынылуымен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Гарсияның пікірінше, Головкиннің мансабы бұл атаққа лайық емес, себебі оның аты белгілі қарсыластарды жеңген ірі жеңістері болмаған.

"GGG-дің бірде-бір нағыз ұлы жеңісі болған жоқ. Ол кімдерді жеңді? Әрине, оның бокста ұзақ жылдар бойы супержұлдыз болғанын мойындаймын. Бірақ мен оны Даңқ залына енгізбес едім. Бұл мәртебеге жету үшін расымен де ұлы іс жасау қажет. Ал мен әзірге Головкинді сол деңгейде көріп тұрған жоқпын", – деді Райан Гарсия Inside the Ring бағдарламасында.

Тэгтер:

Бокс Геннадий Головкин