"Назарбаевты жерлейтін орын дайындап жатыр": Уәлибек сұмдық хабарды айтты (ВИДЕО)

7 қазан, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Белгілі әзілкеш, "Шаншар" театрының жетекшісі Уәлибек Әбдірайымов AIRAN бағдарламасына берген сұхбатында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты тосын пікір білдірді

Көңілді түрде айтылған әзілге айналған бұл сөз желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

"Түркістан қасымызда ғой. Бұл юмор болып кеткен шығар. Алдында келіп едім, сонда таныстырып жүрген балалар айтты: "Мына жерде Нұрсұлтан Назарбаев жатады екен, соған дайындап жатыр екен", – деді. "Мынау ма?" – дедім. "Жақсы болды, осында Абылай хан, Жолбарыс хан сынды батырлар жатыр, сабайтын шығар", – дедім. Әдемі болып, тура ортасына түсетін болды, осы араға жатса дұрыс болар еді дедім. Ондай адамдарға жаза жоқ екен ғой, енді менде үміт бар", – деді Уәлибек Әбдірайымов.

Тэгтер:

әзілкеш Уәлибек Әбдірайымов Шаншар