Заңғар Нұрланұлы – теннисші (биография, мансабы, өмірбаяны, жетістіктері)

6 қазан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Қазақстан теннис федерациясы. Суретте: Заңғар Нұрланұлы

Қазақстандық спорт тарихында жаңа есім жарқырай шықты. 17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы АҚШ-та өткен жасөспірімдер арасындағы US Open турнирінің жартылай финалына дейін жетіп, еліміз тарихында алғаш рет мұндай жетістікке қол жеткізді. Бұл жеңіс – тек жас спортшының ғана емес, тұтас қазақ теннисі дамуының жаңа кезеңін бастаған оқиға болды.

Заңғар әлемдік теннистің жас таланттары арасында өзін сенімді көрсетті. Нью-Йорктегі әйгілі Флашинг-Медоуз корттарында ол 15-ші ракетка, ресейлік Тимофей Дерепасконы 6:2, 6:4 есебімен жеңіп, кәсіби деңгейдегі ойын мәнерін паш етті. Бұған дейін де ол мықты қарсыластарын бірінен соң бірін ұтып, жартылай финалға жол ашқан болатын. Бірінші кезеңде америкалық Рошан Сантошты, екінші кезеңде Польшаның үздік ойыншысы Алан Важныйды, ал үшінші кезеңде финн теннисшісі Оскари Палданиусты тізе бүктірген. Бұл жетістіктер Занғардың тек шебер емес, ерік-жігері мықты спортшы екенін дәлелдеді.

Заңғардың спортқа деген махаббаты бала кезінен басталған. Ол Алматыда туып, алты жасынан бастап Талдықорғанда тенниспен шұғылданған. Табиғи таланты мен еңбекқорлығының арқасында жас спортшының есімі Еуропаға да танылды. Бар-жоғы 14 жасында Tennis Europe Tour ұйымынан "Жылдың үздік шетелдік ойыншысы" атағын алып, 2022 жылғы маусымды жасөспірімдер рейтингінде үздік ондықта аяқтаған.

Занғардың арманы мен шабыт көзі – әлемдік теннистің аңызы Новак Джокович. Ол 12 жасында US Open турнирінің жартылай финалын көріп, өз кумирімен суретке түскен еді. Сол сәттен бастап Заңғар үлкен теннис сахнасына шығуды мақсат еткен. Бүгінде сол бала кездегі арман ақиқатқа айналып отыр: Джоковичпен түскен сурет енді оның өмірлік шабыт символына айналған.

Қазіргі таңда Заңғар Нұрланұлы Словакияда, Доминика Цибулкова академиясында жаттығып жүр. Мұнда ол техникасын жетілдіріп, физикалық дайындық деңгейін жоғарылатуда. Халықаралық турнирлерде сенімді ойнап жүрген қазақстандық жас спортшының табыстары елдің спорт беделін арттырып келеді.

US Open-2025 турнирінде жартылай финалға дейін жеткен Заңғар Нұрланұлы – Қазақстан теннисі тарихындағы тұңғыш осындай нәтиже көрсеткен ойыншы. Оның жеңісі – қазақ спорты үшін зор мақтаныш әрі жаңа буынға шабыт беретін оқиға.

Жанкүйерлер мен сарапшылар Заңғарды "қазақстандық Новак Джокович" деп атап жүр. Себебі ол корттағы салқынқанды мінезімен, ойын кезіндегі дәлдігімен және жеңіске деген жігерімен серб чемпионын еске түсіреді.

Тэгтер:

Заңғар Нұрланұлы Заңғар Нұрланұлы теннис Заңғар Нұрланұлы кім Заңғар Нұрланұлы биография Заңғар Нұрланұлы өмірі Заңғар Нұрланұлы мансабы Заңғар Нұрланұлы жетістіктері Заңғар Нұрланұлы өмірбаяны