Лима (Перу) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында біздің жасөспірімдер арасындағы жұлдызымыз жарыс жолынан шет қалды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
20 жастағы қазақ дзюдошысы Талғат Орынбасар әлем чемпионатында 60 кг салмақта фавориттердің бірі болып саналған еді. Былтыр ол Душанбеда (Тәжікстан) өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алса, биыл ересектер деңгейінде Астанадағы Grand Slam турнирінде екінші орын алған болатын.
Алайда биылғы әлем чемпионатының бірінші жекпе-жегінде ол Өзбекстан өкілі Анваржон Иброхимовтен жеңіліп қалды.