Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Sports.kz сайтына берген сұқбатында командадағы қандай боксшылардың кәсіби рингте өзін көрсетуге әлеуеті бар екенін айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Қазір ешкім кәсіби боксқа толықтай өтемін деп нақты айтқан жоқ. Бірақ арасында кәсіби рингте өз күшін сынап көрген жігіттер бар, олар қайтадан сол деңгейде өнер көрсете алады. Мысалы, Дулат Бекбауов болашақта кәсіби боксқа өтуі мүмкін", – деді маман.
Айта кетсек, Англияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған еді. Біздің спортшылар жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль иеленді.