"Ардақ Назаров чемпион емес, ол мешкобой" – танымал журналист депутатты сынады

5 қазан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Танымал журналист Гүлбану Әбенова Мәжіліс депутаты Ардақ Нзаровтың чемпион екеніне күмән келтіріп, жазба жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ардақ Назаров бүкіл жерде өзін 3 дүркін Әлем чемпионымын деп таныстырады. Және көп сұхбаттарында ешқашан жеңілмегенмін, 2 рет қана тең түскенмін дейді. Бұл расында солай ма?

Мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін, ашық дерек көздеріне жүгінейін. Әлемдік аралас жекпе-жек лигаларының жекпе-жектерінің есебін жүргізетін, солар басшылыққа алатын әлемдік Tapology.com мен Sherdog.com сайттарынан Ардақ Назаровтың жекпе-жек рекордтарына көз жүгіртейік.

Оған көз салсақ, кейіпкеріміз – 20 рет жеңіп, бақандай 3 рет ұтылып, 1 ретінде ғана тең түскен.

ЕНДІ ҚЫЗЫҚ ФАКТІЛЕРГЕ ТОҚТАЙЫҚ

Депутат Назаров - 2005 жылы Кореяда Әлем чемпионы болдым дейді. Әлемдік сайттардың статистикасы бойынша 2005 жылы Назаров (рекорды 15-1) Du Hyung Kim (5-1) деген спортшымен жекпе-жекке шығып, бірінші айналымда-ақ төрешілердің бір ауыз шешімімен жеңіліп, үйге қайтқан.

Ол турнирде одан басқа 2 қазақ Төлеген Ақылбеков пен Дәнеш Дүнгенбаев, қырғызтандық Замир Сырғабеков пен қазіргі UFC чемпионы Валентина Шевченколар жеңіске жеткен.

Сонда Назаров қалай чемпион боп жүр?

НАЗАРОВ КІМДЕРДІ ҰТТЫ ДЕГЕНГЕ ТОҚТАЛСАҚ

11-0 болғанға дейін тек ДЕБЮТАНТТАРДЫ немесе карьерасын енді бастағандарды ҰТҚАН.

11-0 болған кезде М1 Global ұжымында алғашқы жеңілісіне ұшыраған. Қарсыласы – рекорды 2-0 армян Karen Grigoryan.

Одан бөлек Назаров Грейси командасының өкілі Брендон Гарнерді ұттым деп сұхбат беріп жүр.

Бұл жекпе-жек 2007 жылдың 26-қазанында болған. Бұл жекпе жекте Ардақ Назаров (16-2) Гарнермен (4-1) әрең тең түскен болатын.

СОНДА ЖЕҢДІМ ДЕГЕНІ ҚАЙДА?

Назаровтың соңғы жеңілісі - 2010 жылдың 9-қазанында болады. Ол жолы Назаров (19-2-1) америкалық Lance Wipf (7-3) жеңілген болатын.

Жоғарыда келтірілген статистикаға қарап, қорыта келгенде – қазіргі кездегі депутат Ардақ Назаров өзі айтып жүргендей ешқандай да Әлемнің 3 дүркін чемпионы емес, бар болғаны жекпе-жек тілімен айтқанда "МЕШКОБОЙ" болғанын көрсетеді?

Кәсіби деңгейі қазіргі таңда еліміздегі Alash Pride, Naiza, OCTAGON лигаларында жүрген ортаңқол спортшылардан төмен болмаса, артық еместігін көрсетеді.

Тэгтер:

әлем чемпионы депутат Ардақ Назаров