"Ол басқа әйелді таңдады": Әбілмансұр Серіковтың бұрынғы әйелі ажырасуы туралы бар шындықты айтты (ВИДЕО)

4 қазан, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Белгілі актер Әбунасыр Серіковтің ұлы, кино жұлдызы Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы жары Фариза Ещанова жеке өмірі мен ажырасу себептері туралы алғаш рет ашық әңгімеледі.

Сұхбат барысында актриса отбасылық өмірінің бұзылуына үшінші адамның әсері болғанын жасырмады. Айтуынша, бұрынғы жолдасы өз таңдауын жасап, басқа әйелді таңдаған.

"Қазір ажырасқанымызға 7 жыл болды. Біздің ажырасуымызға себеп – ол басқа әйелді таңдады. Мен оны кінәламаймын. Әркімнің өз таңдауы бар. Ол кісі сол таңдауды жасады, мен оны өз еркіне жібердім. Барлығы ақыл айтты, сол жерде таңдау болды – мені немесе оны. Ол кісі оны таңдады. Мен тек өзімді ұстап, сол шешімге риза болдым. Кейде тұрмысқа шықпасам ба деп өкінген кездер болды, бірақ жалпы өкініш болмады", – деді Фариза.

Актрисаның айтуынша, ажырасқаннан кейін ол анасының кеңесімен өз өмірін қайтадан қалпына келтіруге тырысқан.

"Ажырасқаннан кейін анамның ақылымен өміріме қайта түстім. "Өз таңдауы, сөз етпе" дейді. Енеммен де жақсы қарым-қатынастамын, әлі күнге дейін сырласамыз. Кейде анамнан гөрі енеммен көбірек хабарласамын. Психологпен жұмыс істедім, қазір барлық тақырыпта ашық сөйлесе аламын. Өмірімдегі ең ауыр сынақ – ажырасу еді, кейін балам ерекше болып туылды. Бірақ қазір жұмыс істегеннің арқасында бәрін жеңдім деп ойлаймын", – деді ол.

Фариза Ещанова өз сөзінде ажырасу мен ана болу – өміріндегі ең үлкен сынақтар болғанын, бірақ сол қиындықтардың арқасында мықты болуды үйренгенін атап өтті.

Тэгтер:

актер әйел Әбілмансұр Серіков ажырасу